Мухамедиев Ермек Дакенович – Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері. 1966 жылы 21 мамырда туған.
Білімі:
Жоғары медициналық (1983-1989 жж. Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, «Емдік ісі» мамандығы бойынша).
Жоғары экономикалық (2006-2008 жж. Көкшетау экономика және менеджмент институты, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (үздік)).
Жұмыс тәжірибесі:
1989 -1990 жж. «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша Харьков қаласындағы 4-перзентханадағы интернатура.
1990 ж. Кокчетав перзентханасында дәрігер акушер-гинеколог.
1990-1996 жж. ОПО барлық бөлімшелерінің ординаторы (оперативтік гинекология, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, босану блогы, босанғаннан кейінгі бөлімше және т.б.).
1996 ж. Кокшетау Перинаталдық орталығының жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі етіп тағайындалды.
1998 ж. акушерлік-педиатрлық блоктың меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.
2000-2013 жж. Көкшетау қаласы Перинаталдық орталығының бас дәрігері
2013 - 2015 жж. Көкшетау қ. «Авиценна ЕПҰ» директоры.
2015-2018 жж. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК бас дәрігері.
07.07.2018 - 05.08.2018 жж. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігердің м.а.
2018 жылдың 07 тамызынан бастап Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК Ана және бала жұмысы бойынша директордың орынбасары.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дәрігердің жоғары біліктілік санаты. «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты. ҚР Денсаулық сақтау үздігі мемлекеттік марапатқа, «Кәсіптік қызметі үшін» медаліне ие. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.