Бөлімше меңгерушісі Салихова Разина Юнусовна
Бөлімше донорларды қабылдауды тек орталық ғимаратында ғана іске асырып қоймай, Ақмола облысы бойынша жылжымалы жағдайда, қала кәсіпорындарында, оқу орындарында да қабылдайды. Тұрғындар арасында донорлықты үгіттеу мен насихаттау бойынша жұмыстар денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдар мен фондар күшімен жүргізіледі. Қажетті ақпарат табу ыңғайлы болсын деп сайт бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қан тапсыруға тілек білдірген барлық адамдар өткізілетін әртүрлі науқандарға қатыса алады. Бөлімше жылсайын 14 маусым күні – Дүниежүзілік донор күнін ұйымдастырады.
Айсайын донорлыққа абсолюттік қарсы көрсетімі бар тұлғалар есебі жүргізіледі. Трансмиссивті инфекциялар анықталған жағдайда бөлімше тиісті емдік ұйымдарға уақытымен хабар береді.
Донорлар қатарына қосылғысы келетін тұлғалар және қайта тапсыратын донорлар тіркеу процедурасынан өтеді. Бұл кезең донорларды жинақтау бөлімшесінің тіркеу бөлімінде өткізіледі, тіркеушілер әрбір донорды теңестіреді және жеке деректерін компьютерлік бағдарламаға тіркейді.
Осыдан кейін клиникалық және биохимиялық зертханалар қан тобын, резус-факторын, АЛТ, ақуыз деңгейін және Хедделсон реакциясын анықтайды.
Терапевт объективтік медициналық қарауды жүргізіп, донорды тиісті донацияға жібереді (жалпы қан беру, плазмаферез, тромбоцитоферез).
Бөлімше меңгерушісі Галимская Оксана Владимировна
«Облыстық қан орталығы» КММ-сі тікелей донорлардан қан және оның компоненттерін алумен айналысады.
Сонымен қатар бөлімше міндетіне келесілер кіреді:
• Қан дайындау және оның компоненттерін өндіру бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындау;
• Донор қанын стационар жағдайларында дайындау;
• Плазма мен қан жасушаларын автоматты аферез әдісімен дайындау;
• Плазма мен тромбоциттерді дискреттік плазмацитаферез әдісімен дайындау;
• Донор қанын жылжымалы жағдайда дайындау;
• Механикалық экстракторларда қол әдісімен және автоматты фракционаторларды пайдалана отырып, жоғары жылдамдықты центрифугаларда жаңа алынған консервіленген донор қанын компоненттерге қайта өңдеу;
Инфекцияларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Сагадиев Азамат Мухтарович
Инфекцияларды диагностикалау зертханасы донор қаны мен оның компоненттерінінің инфекциялық қауіпсіздігін жүзеге асырады. Донор қаны үлгілерін инфекциялық маркерлерге зертханалық зерттеу міндетті болып есептеледі: адамның иммун тапшылығы вирусы 1,2 типі (АИТВ -1,2), ВВГ, СВГ, мерез. Донор қаны үлгілерін зертханалық зерттеу автоматты анализаторларда екі кезеңде іске асырылады:
I кезең – иммунохемилюминесцентті әдіс (ИХЛА)
II этап- молекулалық-биологиялық зерттеу – полимерлі- тізбектік реакция (ПТР)
Донор қанын скринингілеу үшін зертханалық диагностикадағы әлемдік брендтерден жабық типті жабдықтар қолданылады.
Клиникалық-биохимиялық зертхананың меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Кульбаева Анар Сагатовна
Зертхана заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған:
Cell Dyn Emerald гематологиялық анализатор, Biosystems A-25 биохимиялық анализатор, СОЭ Compu-100 анализаторы, LabuReader несеп анализаторы.
Reflatron биохимиялық экспресс-анализаторы
Донорларға арналған жүргізілетін зертхана зерттеуі:
Қанның жалпы талдауы (гемоглобин, эритроцит, гематокрит, лейкоциттер, ЭШЖ,
тромбоциттер, лейкоцитарлы формулаларды есептеу), қан тобын, резус-факторды, Келл-антигенін, Хеддельсона реакциясын, АИТВ-ға экспресс-талдауды анықтау
Несеп жалпы талдауы, ақуыз электрофорезі, АЛТ, жалпы ақуыз.
Күнделікті гематологиялық және биохимиялық анализаторлар сапасына ішкі зертханалық бақылау жүргізіледі. Зертхана гематология бойынша RIQAS, BioRad Сапасын Сырттай Бағалау халықаралық бағдарламасына, «Трансфузиолгия ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-ны референс-зертханасымен өткізетін биохимиялық және гематологиялық нәтижелерін зертханааралық бақылау бойынша бағдарламаға қатысады.
Бөлімше меңгерушісі, дәрігер-зертханашы Г.К. Каркенова
Зертхана донор қанының иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді: АВО жүйесі бойынша қан тобын, резус, антиэритроцитарлы ангтидене, донор қанын фенотиптеуді анықтайды. Зертханада МҰ-дың өтінімдері бойынша донор қанын жеке таңдау, облыс бойынша жүкті әйелдерді резус-иммундау, резус теріс әйелдерді диагностикалау жүргізіледі.
Бөлімшеде барлық облыс үшін АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтау үшін диагностикалық стандарттар жүргізіледі: «стандартты эритроциттер О(І), А1(ІІ), В(ІІІ)».
Зертхана облыстық қан орталығы ғимаратының 4 қабатында орналасқан. Зертхананың жалпы көлемі 197,2 ш.м. Зертханада 2 «Orto Workstation» (АҚШ) иммуногематологиялық жартылай автоматты анализатор мен «Saxo ID-Reader2» ID-картасын оқитын құрылғысы бар 1 «Скангель» жартылай автоматты иммуногематологиялық анализатор, сонымен қатар басқада қажетті жабдықтар бар.
Сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі Шариф Алтынтас
Сапаны бақылау бөлімі Көкшетау қаласындағы «Облыстық қан орталығы» КММ-ң құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қолданыстағы нормативтік құжаттамалар талаптарына сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз ету бойынша мақсаттарды орындайды.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Орындалатын зерттеулер:
Сапаны бақылау бөлімінің жұмысында заманауи жабдықтар қолданылады: BDFacs Calibur ағын цитофлюориметрі , автоматты гематологиялық анализатор, қан ұйытатын автоматты анализатор, төрт каналды агрегометр, Plasma LOW Hb аппараты.
Топ меңгерушісі дәрігер-трансфузиолог Бархатова Надежда Александровна
Бұл бөлімшеде зертханалық зерттеулер мен басқада белгілер нәтижесі бойынша жаңа мұздатылған плазманы (ЖМП) карантинді сақтау, қан компоненттерін іріктеп алу жүргізіледі.
ЖМП инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖМП-ны карантиндеу жүргізіледі. ЖМП-ның карантинді сақталуы -25 градустан -30 градусқа дейінгі температурада мұдатылған күйде сақталады. Карантиндеудің міндетті шарты – қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес донорды трансфузиялық инфекцияларға қайта (4 айдан кейін) зертханалық тестілеу жүргізу болып есептеледі
Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы медициналық ұйымдарына карантинделген және вирустазартылған плазма ғана беріледі.