Қан және оның компоненттерінің доноры ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген, 18 жастан асқан әрбір дені сау адам бола алады. Қан орталығының тіркеу бөліміне бірінші рет келген донор Бірыңғай донорлық орталығының (БДО) компьютерлік дерекқоры арқылы тексеріледі. Осы деңгейден кейін донорларды терапевт дәрігер тексеріп-қарап, зертханалық тексеруге жібереді (қанның клиникалық талдауы, қанның биохимиялық талдауы, «В», «С» вирустық гепатиттері мен АИТВ инфекцияларының болуына қан талдауы, мерезге талдау).
ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР
Қан орталығына келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат болу міндетті (әскери қызметкерлерде – әскери билет). Донордың дене салмағы 51 кг-нан аз болмауы керек. Жасы 45-тен асқан тұлғалар ЭКГ (электрокардиограмма), ал аудандардан келген тұлғалар эпид.қоршау жөнінде медициналық анықтама ұсыну қажет.
Қан тапсыру алдындағы 1-2 күн бұрын келесі тағамдарды пайдаланбау керек:
Соңғы 48 сағат ішінде алкоголь, соңғы 2 сағатта темекі, майлы, қуырылған, бешбармақ, сүрленген, ащы тағамдар, кәуап, сүт жән сүт қышқылды өнімдер, майонез, йогурт, балмұздақ, кетчуп, май, шұжық, ірімшік, жұмыртқа, жемістерден банан, саңырауқұлақ, сары май, сұйық май, маргарин, жаңғақ, шекілдеуік, майға қуырылған картоп, дүкеннің кептірілген наны.
Кешкі ас қарсаңында: майлы емес сорпа, пісірілген қарақұмық немесе майсыз картоп, суға қайнатылған макарон, суға қайнатылған немесе буға пісірілген ет, балық, көкөністер.
Таңертеңгі асқа құрғақ печенье немесе тоқашпен сүтсіз шай ішуге, аш қарынға да келуге болады.
Диета сақтамаған донорлар қаны жойылады!!!
ҚАН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ ДОНОРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР
Барлық адамдар бірдей донор бола алмайды, сондықтан қан құю станциясына келгендер ең алдымен медициналық қаралудан өтеді. Бұл донор мен қан құйылатын науқас денсаулығы үшін жүргізіледі. Донор қатарына қосыла алмайтындар:
ДОНОР БОЛУ – ИГІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ!
500 мл дейін қан беру дені сау адам денсаулығына еш зияны жоқ және қауіпсіз екені ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік бақылаулар нәтижесінде дәлелденген.Сондықтан 400 мл мөлшері физиологиялық деп аталады. Адам ағзасы орта есеппен 5 литр қаннан тұрады, яғни дене салмағының 7% құрайды. Донор денсаулығына еш зияны жоқ және қауіпсіз болып 450 мл дозасында қан беру есептеледі, донор қанның сұйық бөлігінің көп мөлшері - плазманы жоғалтады, ал ол 18-20 сағат ішінде қайта қалпына келтіріледі. Қан қызметі маманының бақылауында іске асырылатын донорлық қауіпсіз болып есептеледі. Сонымен бірге донордың жақсы хал-жағдайы, көңіл-күйі және еңбекке қабілеттілігі сақталады.
ҚАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ. ДОНОРҒА ҰСЫНЫМДАР
ҚАН ТАПСЫРУ ПРОЦЕДУРАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ
Қан орталығына келген донор өз денсаулығы мен өмір салты жөнінде сауалнама толтырады. Осыдан кейін трансфузиолог дәрігер донорға медициналық тексеру жүргізіп, қанға зертханалық зерттеу (гемоглобин саны мен қан тобын анықтайды) жүргізуге жібереді. Егер нәтижелер бойынша қарсы көрсеткіштер болмаса, донорға қан немесе плазма тапсыруға рұқсат беріледі. Қан тапсыру алдында донорға тәтті шай мен печенье немесе тоқаш ұсынылады. Жаңа алынған қан тапсыру кезінде донор көктамырынан 450 мл алынады. Процедура 10-15 мин.уақыт алады. Жаңа алынған қанды емес, тек плазма немесе тромбоциттер алу технологиясы бар: нақты жағдай мен ауру кезінде реципиентке белгілі донор қаны компоненттерін құю қажет. Бұл жағдайда процедура донордың көп уақытын алады: тромбоциттер тапсыру – 2,5 сағатқа дейін, плазма – 30 мин. шамасында. Донорға плазмаферез немесе тромбоцитоферез жүргізуді жеке түрде трансфузиолог дәрігері шешеді. Сонымен, донор Қан орталығында орта есеппен 1,5 сағаттан 2,5 сағатқа дейін болады.
ҚАН ТАПСЫРҒАННАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
ҚАН ДОНОРЛАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ