Ресми интернет-ресурсы
Ақмола облыстық қан орталығы

Донорский светофор на 02.12.2023

I (RH+) I (RH-) II (RH+) II (RH-) III (RH+) III (RH-) IV (RH+) IV (RH-)

  •    Крови достаточно
  •    Кровь заканчивается, необходимо сдать
  •    Крови нет, необходимо срочно сдать кровь

Ақмола облысы қан қызметінің даму тарихы

 

 

Бұрынғы Кокчетав облысы Қан қызметінің даму басы 1946 жылдан басталған. Донорлардан ұйымдасқан қан алу болған жоқ. Емдік мақсатта донор қанын Петропавловск қаласынан әкеліп отырды, кейбір жағдайларда шұғыл мақсатта қанды ЕПҰ қызметкерлерінен алып отырды. 

1946 жылы облыс қан қызметінің негізін салушы  облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Ф.П. Незамаев, ал оның көмекшісі бас мейірбике – О.П. Тупейко болды. Қан алуды хирургиялық операция бөлімінде жүргізіп, консервант ретінде өздері дайындаған 4% лимонқышқылды натрий қолданылды. Ол кезде донорлар өте аз еді.

1948 жылы хирург А.И. Науменко донорлардан жоспарлы қан алуды жүргізуді бастады. Көбінесе емдік мақсат үшін хирургтардың өздері қан тапсырып отырған.

1956 жылы облыстық аурухана негізінде айына 10 литр дайындайтын қан құю пункті ашылды. Облыс аудандарында қан құю кабинеттері ұйымдастырылды – Щучье, Еңбекшілдер, Володар, Зеренді аудандары.

Қан қызметінің аса дамыған кезі – 1963 жыл, қан құю бөлімшесіне жеке жай бөлінген болатын. Қан дайындау көлемі айына 50 литрге дейін ұлғайып, аудан және учаскелік ауруханалар жанында 14 бөлімше ұйымдастырылды.

1962 жылы облыстық аурухананың жаңа үш қабатты корпусы қолданысқа енген соң қан құю бөлімшесіне ескі корпустың жартылай төле үй-жай бөлінген болатын, ол 5 бөлмеден тұрды. Облыстық аурухана дәріханасы негізінде 7б қан консерванты дайындалатын.

Облыс қан қызметінің ары қарай дамуы қан дайындау және құю бөлімшесінің меңгерушісі - М.Г. Гладун (Бабченко) мен зертханашы-дәрігер Л.М. Давыденконың жұмысымен байланысты.

Қосымша 2 қан құю аудандық бөлімшелері ашылды – Арықбалық және Чистополье. Бөлімшеге қажетті қан консерванттары өз бетінше дайындалды.

Емдік мекемелер консервіленген қанмен бірге нативті плазма, эритроциттік масса, эритроциттік жүзінді алып отырды, емдік мекемелер өтінімдері бойынша лейкомасса дайындалды.

1963 жылы донорлар мен науқастар қанының резус-қатыстылығын анықтау, резус-теріс қанды тұлғаларда антирезус антидене және олар титрін анықтау басталды. Осы жылы облыста экзо-эндотоксикоз кезінде қан ауыстыру операциясы енгізілген болатын, донорлар мен науқастар қанының резус-қатыстылығын анықтау, резус-теріс қанды тұлғаларда антирезус антидене және олар титрін анықтау басталды. Резус – теріс қанды тұлғаларды анықтау пайызы 16,2 % құрды.

Қан құю бөлімшесінде қан тобын анықтау үшін гемаглютенді сарысулар мен резус-қатыстылығын анықтау үшін сарысулар дайындалды.

1967 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен облыстық қан құю бөлімшесі 4 санатты облыстық қан құю станциясына өзгертілді. Бұл мақсатқа бұрынғы онкодиспансер ғимараты бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыста тұрғындарды донорлар қатарына тарту бойынша ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1963 жылдан бастап жылсайын «Донорлар слеті», «Донорлар жалыны», «Донорларға құрмет көрсету кештері» өткізіліп отырады. Өтеусіз донорлық кең ауқымда дамып отыр, облыс бойынша 1000 тұрғынға 41-ге дейін, Ал Көкшетау бойынша 1000 тұрғынға 70-ке дейін жетеді. 1969 жылы өтеусіз донорлар саны 1000 тұрғынға 12 адам болды.  Донор қанының 40% көбі өтеусіз донорлардан жасалады.

Осы кезде қан құю станциясында клиникалық және изосерологиялық зертханалар жұмыс істей бастады. Облыстың барлық емдік мекемелері үшін жеткілікті мөлшерде гемаглютенді сарысулар, сонымен бірге құтыда қанға арналған 7б консервілік ерітінді  дайындалды.

Қан жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу үшін облыстық аурухананың терапевтік бөлімшесінде 10 гематологиялық кереует бөлінді.

1969 жылы облыстық қан құю станциясында бактериологиялық зертхана ұйымдастырылды.

Облыс аудандарында жылжымалы жағдайда донор қаны дайындалды.

1987 жылы донорларда плазмаферез әдісі енгізілді; қан құю станциясының санаттылығы 2 санатқа дейін көтерілді. Емдік мекемелерге науқастар үшін плазма берілді. Емдік мекемелерге науқастар үшін антистафилококты плазма берілді. 6 МЕ кем стафилолизин титрі бар плазма антистафилококты иммуноглобулин өндіру үшін республикалық қан орталығына  жіберіліп отырды.

1988-1989 жылдары изосерологиялық зертхана меңгерушісі Г.М. Юсуповамен, қан дайындау және плазмаферез бөлімшесінің меңгерушісі Н.Х. Коцурмен, акушер-гинеколог Н.М. Робертуспен облыста бірінші рет антидене титрі жоғары резус-теріс әйелдерге емдік плазмаферез жүргізілді.

Облыстық қан құю станциясы құрылған күннен бастап облыстың қан қызметінің 35 жыл ішінде қан тапсыруға 190 мың өтеусіз донор тартылып, 250 мың литр консервіленген донор қаны дайындалды, қанның 15-18% жылжымалы жағдайда дайындалды (2200 астам шығу жүзеге асырылды).

Сол кездерде оқу өткізуге көп жәрдемдескендердің ішінде Қызыл крест және Жарты ай комитеттерінің басшылары Р.П. Белей, С.А. Комракова, Г.П. Васильева болды.

1995 жылы ҚР ДСМ №436 бұйрығы негізінде облыстық қан құю станциясы облыстық қан орталығы болып өзгертілді.

1996-1999 жылдары қаржыландыру болмаған қан қызметінің өте қиын жылдары болды. Дегенмен, облыстық қан орталығының басшылығы қан тапсыру алдында донорлардың жеңіл тамақтануы (тәтті шай, печенье) үшін әртүрлі жолдар іздеді.

2002 жылдың қазан айында бас дәрігер қызметіне Ж.Н. Алиеваның келуімен Облыстық қан орталығының дамуында жаңа айналым басталды. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қан және оның компоненттерін дайындаудың заманауи технологиялары енгізіле бастады. Осылар үшін тромбомиксер, «Sanimat» гемомиксері, «Гемотерм», «Sanio» төмен температуралы тоңазытқыштары сатып алынды.

Қанды дайындау шыны құтылардан гемотауарларды ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін жаңа антикоагулянты бар пластикатты тараларға (Ресей, Корея, Жапония өндірісі) көшірілді. Қанды ажырату «Sorvall», «Cruyofuge», «Multifuge» рефрижераторлы центрифугаларда жасала бастады, бұл әдіс қан компоненттерінің жоғары сапасына жетуге мүмкіндік берді.

Ж.Н. Алиева қан және плазма тапсыру кезінде донорларға жайлы жағдай (АҚШ донор креслолары, ауаны иондайтын желдеткіштер, қан қапсыруға арналған жайлар) жасауға аса назар аударды. Оның басшылығымен және жас дәрігерлермен барлық біріншілік есеп-медициналық құжаттар ҚР ДСМ Бұйрығына сәйкес реттелді, шығарылатын қан компоненттеріне технологиялық регламенттер жазылды және 2005 жылы облыстық орталықта орындалатын барлық негізгі процедураларға бірінші СОП-лар жасап шығарылды. Осы жылдың қаңтар айында инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дәрігер Р.Ю. Салихова мен М.А. Байгошевамен реттелмеген карантиндеу әдісі енгізіле бастады, осылайша, біріншілік құжаттар мен технологияларды өздігінен жасап шығаруға тура келді.

Ж.Н. Алиева әдістемені меңгеріп, бөлімше қызметкерлеріне үйреткеннен кейін өндіріске аппаратты плазмаферезді енгізді. Плазмаферез әдісімен плазма дайындау көрсеткіштері екі есе өсіп, өтеусіз донорларға жасалған плазмаферез 2002 жылы 16-дан 2005 жылдың соңында 460 дейін көтерілді.

Оңтүстік-Қазақстан облысында болған жағдай қан орталығының жаңа  бас дәрігері Е.С. Кульбаев үшін ереше сынақ болып, гемотрансфузияның биоқауіпсіздік мәселесін терең ғылыми  және ұйымдастырушылық деңгейге шығаруға мәжбүрледі. Бұл мәселе бір жағынан заманауи жабдықтармен материалдық-техникалық жабдықтау мен инновациялық ресурс үнемдеу технологияларын енгізу бойынша жүйелік тәсілді талап етсе, екінші жағынан қан қызметі мед.қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату және қан дайындаудан бастап клиникалық қолдануға дейінгі барлық сатыда өнім сапасын бақылауды талап етті.

Қан қызметі жағдайы мәселелерін зерттеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментімен (АОДСД) құрамына бас дәрігердің орынбасары Р.Ю. Салихова, ЖИТС ОО эпид.бөлімінің меңгерушісі Л.К. Пономарева, АОДСД жетекші маманы В.Я. Мельникова кіретін кешенді комиссия құрылды. 2006-2008 жылдары комиссия жылына 3-4 рет  қан қызметі жағдайын зерттеу және біріншілік медициналық құжаттарды жүргізу және қан компоненттерін дайындау мен құю жағдайларына заманауи талаптар енгізу мақсатында облыстың барлық ЕПҰ тексеріп отырды.

Ертеде реаниматолог болып қызмет атқарған және қан қызметінің әлсіз жерлерін жақсы білетін АОДСД басшысы Б.У. Тукенов комиссия жұмысы нәтижелеріне қызығушылық танытып, проблемалық сұрақтарды шешуге жәрдемдесті. Б.У. Тукенов комиссия тексерісі нәтижелері бойынша түйіндес қызметтердің жұмыстарын ары қарай үйлестіру мақсатында хирургиялық және гематологиялық профильдер мамандарының қатысуымен жоспардан тыс АОДСД отырыстарын өткізіп отырған.

Денсаулық сақтау департаменті коллегиялары мен облыстық әкімдіктің үйлестіру кеңесінде бас дәрігердің орынбасары Р.Ю. Салиховамен бірнеше рет гемотрансфузияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мамандар біліктілігін жоғарылату, ОПК-мен жабдықтау және т.б. мәселелерді қозғаған. АОДСД кешенді комиссиясының бірінші тексерістерінен кейін 12.10.2006 жылы №109  бұйрығы шығарылып, осы бұйрық негізінде қан дайындайтын 3 аурухана мен қан құю бөлімшелерінің 12-сінен 6 қан дайындауды тоқтатты. Облыстық және 2 қалалық қан орталығы (Атбасар және Степногорск) өздеріне қосымша облыс аудандарының 9 ОАА сапалы және қауіпсіз гемотауарлармен үздіксіз  қамтамасыз етуді жүктеді.

Реаниматолог жұмыс тәжірибесі бар Е.С. Кульбаев қан орталығын қайта жоспарлау, зарарсыздандыру-стерильдеу режимін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтар мен шығын материалдарын сатып алу, шығарылатын қан компоненттерінің иммунологиялық және инфекциондық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды тез шеше білді. Нормативті база дайындалып, ОПК дайындалатын қанды зертханалық зерттеу орталықтандырылды, өндірілетін өнімдерді шығыс бақылау параметрлері кеңейтілді, донор қанын лейкофильтрлеу басталды.

Зертханашы дәрігер А.Ж. Шаймерденовамен ИФТ және микрореакция әдісімен Treponema Pallidum донор қанын апробациялау, АИТВ 1,2 антидене анықтау енгізілді. Изоиммунологиялық зертханада гель технологиясы бойынша эритроциттер антиденелерін, антиэритроцитарлы антиденелерді типтеу, жеке іріктеп алуды жүргізу басталды.

Проблемалық мәселелерді анықтау және оларды жедел шешу мақсатында Р.Ю. Салиховамен ішкі аудит және инфекциялық бақылау бойынша комиссияның ережелері жасалып шығарылды.

2007 жылдың желтоқсан айында облыстың бас хирургы е.А. Бекаевтің қолдауымен түйіскен ұйымдар өкілдерімен отырыс ұйымдастырылып, АОДСД-ң абсолюттік қарсы көрсеткіштері бар тұлғалар тізімін тексеру және донорлардың бірыңғай облыстық регистрін құру туралы бұйрығы шығарып, бұйрықтың орындалуын жеке бақылауына алды. Бұл шешім облыс тұрғындарына тұратын орынына қарамастан қосымша құжаттарсыз донорлық құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берді.

Қан қызметіне деген сенімді қайтару мақсатында, АОДСД жұмыс жоспарына сәйкес Мамандар күні семинар бағдарламасына трансфузиологияның өзекті мәселелері мен донорлық проблемалары бойынша кешенді комиссия мүшелерінің сөз сөйлеуі енгізілді. 2008 жыл – 1 жыл ішінде ғана Р.Ю. Салиховамен облыстық деңгейде 19 семинар өткізіліп, мақалалар жарық көрді, жергілікті БАҚ-да сұхбаттар мен видеосюжеттер түсіріліп, көрсетілді, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлесіп облыстық және қалалық маслихаттар депутаттарымен, әртүрлі құрылымдардың мемлекеттік шенеуніктерімен, УЕҰ өкілдерімен, облыс жастары мен спортсмендерімен донорлықты насихаттау және қан дайындаудың қауіпсіздігі сұрақтары бойынша отырыстар өткізілді.

            Бірлескен жұмыстың түпкі нәтижесі 1 АЕК дейін өтеусіз донорларға қосымша ынталандыру ұсыну үшін 19,3 млн.теңге бөлінетін 13.12.2008 жылғы Ақмола облыстық маслихатының шешімі мен 27.12.2008 жылғы «Облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық әкімдігінің қаулысы болды. 6 жыл бойы қаны құюға жарамды Ақмола облысының өтеусіз донорлары организмнің энергетикалық шығынын қалпына келтіру мақсатында ҚР Үкіметі белгіленген қаржылай өтемақыны 4 есе көп алып отырды. Жергілікті өкіметтің бұл қаржылай қолдауы облыстың донорлық кадрлар проблемаларын шешуге көмектесіп, ақылы донорлардан қан алу санын азайтуға   мүмкіндік берді.

            «2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» Мемлекеттік Бағдарламасы нәтижесінде жылына 10 000 литрге дейін консервіленген қан дайындап, қайта өңдей алатын ІІ санатты жаңа типтік қан орталығы ғимараты салынды.

            Жаңа жабдықтар алынып,  донорларды жинақтау процесін, қан дайындаудың технологиялық процесін, қан компоненттерін өндіру және дайын өнімді беру процестерін автоматтандыру үшін «Росгемсистема» бағдарламалық жасақтамасы бар ақпараттық жүйе енгізілді.

Аферезді тромбоконцентрат дайындау басталды. Иммуногематологиялық зерттеулер, агглютиндеу технологиясы мен қанды типтеу үшін заманауи тәсілдер енгізілді.

Жылжымалы жағдайда жұмыс істеу үшін мамандандырылған автобус сатып алынды.

2011 жылдың басында қанның плазмақұрамды компоненттерін вирустазарту тәсілі енгізілді.

         2011 жылдың ақпан айында сапаны бақылау бөлімі ашылды.

2011 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс Қан қызметіне Ақмола облысы қан орталығының бас дәрігері С.Қ. Қалымжанов басшылық етіп келеді.

2012 жылдың наурыз айында полимеразалық тізбек реакциясы (ПТР) мен иммуноферментті талдау (ИФТ) әдісімен гемотрансмиссивтік инфекцияларға донор қаны үлгілеріне қос сатылы скрининг жасау енгізілді, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап МРХ-тестТaqScreen 2 нұсқасы жұмыс істейді.

Облыс Қан қызметін қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

«2011-2015 жылдарға ҚР қан қызметін дамыту Тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 614 бұйрығын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Коллегиясының 2011 жылғы 01 шілдедегі № 42 Қаулысы және ҚР ДСМ бас штаттан тыс трансфузиологы Ж.К. Бүркітбаевтің 2011 жылғы 17 қазандағы № 22-09-795 хатын орындау үшін, трансфузиялық терапия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақмола облысы қан қызметін оңтайландыру туралы» Денсаулық сақтау басқармасының 2012 жылдың 20 шілдесінде № 412 бұйрығы шығарылды. Осы бұйрыққа сәйкес 2012 жылдың 1 тамызынан бастап Астрахан, Шортанды, Есіл, Бурабай ОАА-ғы қан құю бөлімшелерінің қызметі тоқтатылып, қан құю бөлімшелері қан және оның компоненттерін дайындау құқығысыз қан құю кабинеті статусына ауыстырылды.

            Қазақсан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы негізінде Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының «Степногорск қан орталығы» ММ және Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының «Атбасар аймақтық қан орталығы» ММ негізінде Степногорск және Атбасар қалаларында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» мемлекеттік мекемесін құру шешімі қабылданды.

            Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № А-7/309 қаулысына сәйкес «Облыстық қан орталығы» ММ-сі Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.

            2013 жылы ОҚО клиникалық-биохимиялық зертханасы RIQAS (Солтүстік Ирландия) сапаны бақылау халықаралық бағдарламасына қатысты.

            2014 жылдың сәуір айында Ақмола ОҚО негізінде Haemonetics мәскеулік мамандарымен өндірістік трансфузиология бойынша мастер-класс өткізілді.

            Облыс қан қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша біздің жетістіктеріміз: 2013 жылдың қорытындылары бойынша: донация саны 1000 тұрғынға 23, донацияның жалпы санында өтеусіз донация үлесі - 95%. Тромбоциттер дайындауда аппаратты тәсіл негізгі болып есептеледі. Қанның аферезді компоненттерін шығару мен оларды вирустазарту үлесінің көрсеткіштері бойынша АОҚО Қазақстанның үш озық орталықтары қатарында. Жылсайын өндіріске жаңа аферезді плазмақұрамдас қан компоненттерін енгізу жалғастырылуда.

            2013 жылы ЕПҰ-ға берілген лейкофильтрлі эритроқұрамдас компоненттер үлесі 65% құрады. Облыс пен қала ЕПҰ-на карантинделген, вирустазартылған, лейкофильтрленген плазма беріледі. ПТР диагностикасы тәсілдері мен жабдықтары нормативтік база талаптарына сәйкес – зерттеулер 100% жағдайда жабық типті автоматты анализаторларда жүргізіледі.

       Қазіргі уақытта Ақмола облысының Қан қызметінде 181 қызметкер жұмыс істейді, оның – 21 дәрігер, 70 – орта медициналық қызметкер. Дәрігерлер жақын шет елдерде ғана емес, алыс шетелдерде (Израиль, Чехия, Польша, Германия, АҚШ, Голландия, Малайзия) оқу өтеді.

         Қазіргі уақытта облыс қан қызметінде  Лисовая З.В., Ли Л.Г., Белоносова Г.В.,  Салихова Р.Ю., Федорова Н.Ю., Каркенова Г.К.,  Расқұлова Г.М., Николаева Г.Б.,  Кульбаева А.С., Мусажанова А.А., Гильденберг М.А.,  Сагадиев А.М., Жанғабылова М.Б., Султанова С.И., Мұқанова А.Б, Турубаева А.Б., Ткаченко В.И., Шариф А., Құттыбай Е.Ө. дәрігерлер жұмыс істейді.

         Қан қызметінің ардагерлері: Бабченко М.Г – алғашқы бас дәрігер, Савицкая Л.В., Юсупова Г.М, Власова Г.Ф., Лукомская В.П.; орта мед.қызметкерлер: Сидоренко А.А., Гущина С.В., Садовская А.В., Светлова  В.П.,  Шаврина С.М.,  Кларк  И.Н.,  Серкешева  М.Р., Лошкаре-ва С.В.,Калинина В.Ф., Увейковылина Р.Г., Абрамашвили Н.М., Бобер О.В.