Ресми интернет-ресурсы
Ақмола облыстық қан орталығы

Донорский светофор на 02.12.2023

I (RH+) I (RH-) II (RH+) II (RH-) III (RH+) III (RH-) IV (RH+) IV (RH-)

  •    Крови достаточно
  •    Кровь заканчивается, необходимо сдать
  •    Крови нет, необходимо срочно сдать кровь

Қан дайындау жүйесіндегі қолданатын аппараттар

     

Көкшетау қаласының облыстық қан орталығы инфекциялық, иммунологиялық, вирусологиялық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік заманауи стандарттар бойынша жабдықталған. Жаңа Қан орталығында қан дайындаудың автоматты жүйесі қарастырылған. Қан компоненттерінің барлық түрлерін, сонымен қатар донор плазмасын, жасушалық компоненттерді алу плазмаферез - PCS-2, цитоферез - MCS+ аппараттарында жүргізіледі.

Емделуші үшін қан қауіпсіздігінің жаңа деңгейі - белгілі және белгісіз патогендерден қосымша қорғаныс қамтамасыз ете алатын INTERCEPT бірегей жүйесінде қанды инактивтеу технологиясы енгізілді.   

CERUS Intercept инактивтеу жүйесі ішкі және жасушадан тыс вирустарды, бактерияларды инактивтеу үшін арналған.

Intercept жүйесінің әрекет принципі HELINX нуклеин қышқылдарын байланыстыру технологиясына, патогендерді, сонымен қатар қауіпті донор лейкоциттерін  инактивтеу көмегімен қауіпсіз қан компоненттерін алуға негізделген.

Әрекет принципі

  • Аматосален жасушалық немесе ядролық мембрана арқылы өте отырып, ДНҚ немесе РНҚ шиыршық бөлімшелеріне ендіріледі;
  • Ультракүлгіннің ықпалымен аматосаленнің қосылған жерінде – нуклеин қышқылымен берік ковалентті байланыс жасайды;
  • ДНҚ мен РНҚ репликациялау механизімі патогендер мен лейкоциттерді инактивтей отырып блокталады.

Қан құрамында болатын вирустардың шектік концентрациясының азаюы мен инфекциялық аурулардың пайда болуына бастамашылық ете алатын гемокомпоненттерді лейкофильтрлеу тәсілдері енгізілді. Вирустардың 90 %лейкоциттер құрылымында болады, осымен байланысты лейкодеплеция реципиенттердің гепатиттер, АИТВ инфекциясын, цитомегаловирустар және басқада гематрансмиссивті инфекцияларды жұқтыру қауіпсіздігін төмендетуге ықпалын тигізеді.

Біздің Қан орталығымызда келесі лейкофильтрлер типі қолданылады:

  • Leukotrap WB (Pall, Ұлыбритания);
    • Leukotrap RCPL (Pall, Ұлыбритания);
    • BF4 (Pall, Ұлыбритания)
    оларды

Олар қамтамасыз етеді:
• қан компоненттеріне бөлінгенге дейінгі консервіленген қанның сүзгілеуін; қан компоненттеріне бөліну кезіндегі сүзгілеуге;
• қан компоненттерін дайындағаннан кейінгі сүзгілеу.

Тәжірибеге қан компоненттерін сүзгілеу тәсілдерін енгізу арқасында иммунологиялық асқынулардың алдын алуды қамтамасыз етуге және қанның ақ жасушаларына (цитомегаловирус,  Эпштейна-Барр вирусы, адамның Т-лимфоторпты вирусы) ұқсас вирустардың тасымалдануына жол бермеуге болады.

2011 жылдың 3 қазанынан бастап біздің Қан орталығымызда ПТР (полимеразды тізбек реакциясы) әдісімен донор қан үлгілерін тестілеу басталды. Донор қаны үлгілері бірінші автоматты анализаторда иммуноферментті реакция (ИФТ) тәсілімен зерттеледі. Оң үлгілер жарамсыздыққа шығарылып, терісі осы күні ПТР тәсілімен қайта зерттеледі. Зерттеулер ПТР-диагностикаға арналған Cobas s 201 (Roche Diagnostics AG (Швейцария) өндіруші компаниясы) автоматты кешенінде жүргізіледі.

Cobas s 201 кешені:

- Hamilton STAR қазбалаушысы, оның бағдарламалық жасақтамасы үлгілерді автоматты пулирлеу жүргізуге мүмкіндік береді;

- COBAS AmpliPrep құралы үлгілерді толық автоматты бөлуді (амплификация) жүргізеді;

- COBAS TagMan анализаторы нақты уақытта ПТР-да детекция жүргізеді.

Cobas s 201жүйесі реагенттерді пайдалануға дайын үлгілерге мониторинг жүргізеді.

 

 

Тестілеу үшін Cobas s 201 жүйесі үшін арнайы жасап шығарылған мультиплексті тест қолданылады. Тест вирустық нысаналарды АИТВ-1, АИТВ-2, ВВГ және СВГ бір тестінде  анықтауға мүмкіндік береді. Вирустық РНҚ (ДНҚ) анықтау үшін АТР-тестілеуді қолдану арқылы донор қанын скрингілеу посттрансфузиялық вирустық ауруларды (В және С гепатиттері, АИТВ) қатерін төмендетуге мүмкіндік береді. Донор қанын зерттеу алгоритімі үлгілерді ПТР тәсілімен скрингілеу серологиялық тестіде зерттеумен бір уақытта жүргізу - гемотауарлардың инфекциялық қауіпсіздігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. 

Trima Accel (Трима) автоматты аферезге арналған аппарат

Trima Accel (Трима) – бір дорнордан үш негізгі қан компоненттерін – плазма, тромбоцит және эритроциттік массаны автоматты жинақтауға (аферезге) арналған аппарат. Өндірушісі - Terumo BCT (АҚШ).

Аппарат келесі ерекшеліктермен сипатталады:  Трима – тромбоциттерді жинақтау бойынша ең жылдам аппарат. Тромбоциттердің екі еселік терапевтік мөлшерін жинау уақыты (6 × 1011) 70 минутты құрайды.

  • Экстракорпоральды контур көлемі – 200 мл көп емес
  • Барлық тромбоциттер мен плазма лейкоредукциядан өтеді
  • Желілер бірегей блокқа – «кассетаға» біріктірілген, бұл шығын материалының жүктелуін айтарлықтай жеңілдетеді
  • Аппарат үлкен сенсор экранымен жабдықталған, әр кезеңінде нұсқаулығы бар орыс тіліне лайықталған, интуитивтік түсінікті мәзірі бар
  • Аппарат тағайындалған икемдеу негізінде денсаулығына зиян келтірмей келіп отырған донордан өнім алуға болатынын анықтайды
  • Бір донордан эритроциттердің екі еселік мөлшерін алуға мүмкіндік береді
  • «Тримамен» жеткізілетін TPOD тегін бағдарламасы келіп отырған донордан қандай өнім алуға болатынын ертерек (мысалы: донорларды тіркеу кезеңінде)анықтауға мүмкіндік береді