Сіз білмеген қан туралы 9 факт
Адамнан басқа кімнің қан типі көп және неге әртүрлі қан топтарын араластыруға болмайды?

- Әртүрлі адамдардың қандарын араластыру кезінде қанның ұйығанын бақылай отырып, Карл Ландштейнер 1901 жылы қан тобын ашты. Кейінірек оларды A, B и 0 деп топтастырды. Осы жүйеге сәйкес төрт қант тобы пайда болды: 0 (I), А (II), В (III) и АВ (IV).

- Бұл бірегей жүйе болып есептелмейді. Қазіргі уақытта қан құю бойынша Халықаралық қоғаммен танылған 33 топтау жүйесі бар, солардың ішінде Лютеран, Бомбей, Даффи және «Ок».

- Қан тобы қызыл қан жасушаларының үстіндегі әртүрлі молекулалар жиынтығымен сипатталады. Донор мен қан алушы арасындағы бұл молекулалардың сәйкессіздігі қан құюдан кейін фатальды иммун реакциясын қоздыруы мүмкін.

- Кейбір қан топтары өте сирек кездеседі немесе белгілі этникалық топтарда ғана болады. Бірінші топ әлем бойынша ең таралған түрі - халықтың 45% жуығы осы топ иегерлері. Екінші қан тобы – еуропалық арасында жақсы таралған, дүниежүзілік халықтың 35% осы топтың иегері. Үшінші топ адамдардың 13%, ал төртінші топ 7% кездеседі.

- Қанның төртінші тобы (AB) ең жас болып есептеледі және кейбір деректер бойынша үнді еуропалықтар мен монғолдардың араласу нәтижесінде пайда болған.
6. Қан топтары адамның бірегей ерекшелігі болып есептелмейді. Мысалы иттерде ол онға жақын.

- Қан тобы ашылмай тұрып, дәрігерлер адам мен жануарлар арасында қан құюға тәжірибе жасаған. 1667 жылдың желтоқсанында дәрігер Жан-Батист Дени психикалық аурудан емдеу мақсатында адамға бұзау қанын құйған. Қан құюдың екінші процедурасынан кейін науқас құсып, бүйректері ауыра бастап, несебі қара түске боялды. Үшінші қан құюдан кейін ол адам қайтыс болды. Дени адам өлімі үшін айыпталды, науқастың уланғаны белгілі болды, бірақ ол қанмен емес күшәнмен уланғаны анықталып, ақталды.

8.Гематофагтар —жануарлар мен адамдар қанымен қоректенетін тіршілік иелері. Осындай жәндіктер түрлері 14 мыңға жуық.

9.Гемофилия — қан ұюының бұзылуымен байланысты тұқым қуалайтын ауру. Гемофилия А қандағы қажетті ақуыз жетіспеушілігін тудырады және ерекшелігі гемофилия В-дан жиірек кездесіп, 85% жағдайда кездеседі. Бұл ауру кезінде буындарға, бұлшықеттерге және ішкі органдарға қан құйылады. Бүгінгі күні гемофилиямен ауыратын науқастарды донор қанынан дайындайтын ұю факторлары концентраттарын құю арқылы емдейді.
