Ресми интернет-ресурсы
Ақмола облыстық қан орталығы

Донорский светофор на 23.07.2019

I (RH+) I (RH-) II (RH+) II (RH-) III (RH+) III (RH-) IV (RH+) IV (RH-)

  •    Крови достаточно
  •    Кровь заканчивается, необходимо сдать
  •    Крови нет, необходимо срочно сдать кровь

«Донор, бүгін сенің күнің!»

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде облыстық қан орталығы негізінде 7 мамыр «Отан қорғаушылар күніне» ұштасқан  «Донор, бүгін сенің күнің!» науқаны атап өтілді.

            Науқан ұйымдастырушылары ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ атсалысты.

 

            «Донор, бүгін сенің күнің!» науқанының ұраны «Қан тапсырда – өмірін сақта!» флагманымен өтті. Науқан аясында жиналған барлық қан ауыр халдегі науқастар, соның ішінде онкологиямен ауыратын адамдар үшін жіберілетін болады.

            Департамент қызметкерлері қан тапсыру – ауыртпалықсыз және қауіпсіз процесс екенін жеке өз тәжірибелерінде көрсетті.

            «Тұтастай алғанда, донорлық - қазіргі заманғы қоғамға өте қажет және қан мен оның компоненттері донорлығының негізгі қағидаттарына сәйкес келетін қайырымдылық, мейірімділік, гуманизм сияқты жоғары адамгершілік қағидаттарды тәрбиелейді».

            Бөлімше меңгерушісі О.В. Галимская атап айтқандай, ерікті өтеусіз донорлықты дамыту біздің республикамыздың денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт болып табылады. Ал донорлықты насихаттау сауатты және қолжетімді болуы тиіс, бүгінгі күні оның негізгі мақсаты Қазақстан тұрғындары арасында сенімді, қауіпсіз және ең бастысы тұрақты донорлар санын өсіру болып табылады.

            «Біздің тараптан қан орталығы, мекемелер мен ұйымдарда донорлар күнін өткізу және тұрғындар арасында түсіндіру жолымен донорларды жұмылдыру бойынша жұмыстар жиі жүргізіліп отырады. Біз ерікті өтеусіз қан донорлығы мен салауатты өмір салтын жүргізу идеяларын алға жетелейтін жастармен жұмыс жасауға көп мән береміз».

 

Науқан арқасында бірнеше өмір сақталды!

 

Өткізілетін науқандарға қызығушылық білдіре отырып және қолдау көрсете отырып,

адамдар өтеусіз донорлықты көпшілікке таратады.